ЕР ЖІГІТТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН БАБАЛАР ҰЛАҒАТЫ ▪️ Жомарт бергенін айтпас, Ер айтқанынан қайтпас. ▪️ Ер азығы мен бөрі азығы – жолда. ▪️ Мал қонысын іздейді, Ер жігіт туысын іздейді. ▪️ Ердің жақсысы - елімен ойласады, Әйелдің жақсысы - ерімен ойласады. ▪️ Адам болатын жігіт алдымен өз нəпсісін билейді. Сонан кейін ауылын билейді. Ауыл билеген - аймағын билейді. ▪️ Пайдасы бар жігіттер - дария шалқар көлмен тең, Пайдасы жоқ жігіттер - ем қонбайтын шелмен тең. ▪️ Ел болатын жігіттер - Ел намысын жыртады. Ел болмайтын жігіттер - Елін ұрлап құртады. ▪️ Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. ▪️ Қойдан қойдың несі артық, Қол басындай еті артық. Ерден ердің несі артық, Ойлап айтқан сөзі артық. ▪️ Бай болайын деген жігіт - айырбасшыл келеді, Адам болайын деген жігіт - қарындасшыл келеді. ▪️ Болатын жігіт - епшіл, Болмайтын жігіт - кекшіл. ▪️ Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер. ▪️ Емен ағаштың иілгені - сынғаны, Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені. #асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #ер #жігіт #бабаларсөзі #мақал #ұлағат #нақылсөз

Теги других блогов: жігіт ер бабаларсөзі