Дәрет алу тәртібі.
Дәрет ниеттену және «Бісмилләһ» деумен басталады.
· Екі қол білекке дейін жуылады.
· Оң қолмен ауызға үш рет су алынып, шайылады.
· Мұрынға үш рет оң қолмен су алынып, сол қолмен сіңбіріледі.
· Бет үш рет толық жуылады.
· Әуелі сол қолмен оң білек, кейін оң қолмен сол білек шынтақтарымен қоса жуылады.
· Сулы қолмен бастың төрттен бірі, құлақтың іші сырты, мойын сипаланады, яғни, мәсіх тартылады
· Алдымен оң, кейін сол аяқ тобығымен қоса жуылады.
Дәреттің парыздары
Дәреттің парызы төртеу:
1. Бетті екі құлақ арасымен, маңдай шаштың шетінен иек астына дейін жуу.
2. Шынтақтармен бірге екі қолды жуу.
3. Бастың төрттен бірін сулы қолмен сипау (мәсих тарту).
4. Екі аяқты тобықпен қоса жуу.
Дәреттің сүннеттері
1. Дәрет алуға ниет ету.
2. «Бисмиллаһ» деп Аллаһ Тағаланы зікір ету.
3. Екі қолды білекке дейін жуу.
4. Мисуәк қолдану.
5. Ауызды үш рет шаю.
6. Мұрынды үш рет шаю.
7. Қастың, мұрттың түбіне су жеткізу.
8. Қалың сақалды араластырып жуу.
9. Қол, аяқ саусақтарын салалап, бәріне су тигізу.
10. Бастың барлығын су қолмен сипау.
11. Әр мүшені үш рет жуу.
12. Басқа масих тартқаннан кейін, құлақтың іші сыртын сулы қолмен сипау.
13. Мүшелерді тәртіп бойынша жуу.
14. Мүшелерді оңнан бастап жуу.
Дәреттің мәкруһтері.
1. Суды қажет мөлшерден артық, не аз қолдану.
2. Дәрет суын шашыратып қолдану.
3. Дәретті таза болмаған орында алу.
4. Қажетсіз сөз сөйлеу.
5. Дәрет сүннеттерін орындамай, тастап кету.
Дәреттің әдептері
1. Дәретті көтеріңкі жерде отырып алу.
2. Құбла жаққа қарап отыру.
3. Дене мүшелерін жуу үшін біреуден көмек сұрамау. Көмек сұрау тек үзірлі болған жағдайда ғана мүмкін. Мысалы, ауру немесе әлсіз болған жағдайда.
4. Дәретті парыз көлемінен артығырақ етіп алу.
5. Кең жүзікті қозғау. Тар жүзікті қозғау парыз.
6. Дәреттен кейін екі бас нәфіл намаз оқу.
Дәреттің түрлері
Парыз болған дәрет.
1. Дәрет болмаған болған жағдайда парыз, нәфіл, жаназа намазын оқу үшін.
2. Тіләуәт сәждесін орындау үшін.
3. Қасиетті Құран Кәримді ұстау үшін.
Осы үш жағдайда дәрет болмаса дәрет болмаса дәрет алу парыз.
Уәжіп болған дәрет. Бұл дәрет Қағбаны тауаф ету үшін алынады.
Мустахаб болған дәрет
1. Ұйықтар алдында.
2. Ұйқыдан тұрған уақытта.
3. Жаман сөз айтқаннан кейін.
4. Қате не күнәлі іс істегеннен кейін.
5. Ашуы қайтқан уақытта.
Дәретсіз кісілерге нелер харам?
1. Намаздың қандай түрін болмасын оқу.
2. Қағбаны тауап ету.
3. Тіләуат сәждесін орындау.
4. Қасиетті Құран кәримді ұстау.
Дәретті бұзатын нәрселер
1. Екі жолдың бірінен нәжіс, немесе жел шықса.
2. Денеден қан, ірің, немесе сары су шықса, дәретті бұзарлық мөлшерде жайылса
3. Жатып немесе еркін сүйене отырып ұйықтау.
4. Талып қалу.
5. Мас болу.
6. Есі ауысқандық.
7. Ауыз толтырып құсу.
8. Ауыздан қан аралас түкірік шығу.
9. Рукуғ, сәждеде біреу еститіндей күлу.