بِسْـــــــــــــمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِـــــــــــــيم ШАШ ЖАЮ – ҚАЙҒЫНЫҢ БЕЛГІСІ (Қазақ қызы ешқашан шашын жайып жүрмеген!) Баяғы заманда шаңырағының тірегі – ерінен, арқа сүйенер азаматынан айырылған әйелдер шашын жайып, жоқтау айтқанын бүгінгі жастар біле ме? Егер білсе қазіргі қыздарымыз, әйелдеріміз неге шаш жаюға құмар? Неге жартылай жалаңаштануға әуес? Бұл дінсіз батыс қоғамының қоқысқа толы «мәдениетіне» еліктеушілік емес пе? Мәдениет деп біз неге олардың ғылымын, технологиясын алмаймыз? Нағыз мәдениет деген осы емес пе? Әлде мәдениет - шаш жайып, жартылай жалаңаштанып жүруде ме? Қазіргі таңда қоғамымызда байқап жүргеніміздей жайылған шаштан аяқ алып жүре алмайтын болдық. Кейде қонаққа барған кезімізде, тіпті ең атақты деген ірі мейрамхана, кафелердің өзінде тағамның арасынан әйел шашының өріп жүргенін көріп те, байқап та жүрміз. Мұны қай жағынан алып қарасақ та, яғни ақылға да, тазалыққа да кереғар іс екендігін көру еш қиын емес. Кейде тіпті көшеден осындай жалбыраған (жайылған) шашты қаракөздерімізді көргенде не күйеуі, не болмаса бір жақыны қайтыс болып кеткен шығар деп те ойлап қаласың… Біз неге осыншама дінімізден ұзақтадық? 12 ғасыр бойы мұсылман болған ел екендігімізді бірі білсе, бірі білмес. Алайда дана хәкім Абайлардың, Құнанбай, Шәкәрімдер мен Мәшһүр Жүсіптердің, күйші Динадай асыл әжелеріміз бен ұлы дала батырлары Жәнібек пен Керейдің ұрпағы екендігімізді неге ойламаймыз? Неге бір уақыт зер салып, ақыл жүгіртпейміз? Олар кімдер еді? Олар нағыз 5 уақыт намазын қаза қылмай, әуретін жауып, елін-жерін шын сүйетін шынайы момын мұсылмандардан еді… Алла Тағала қасиетті Құран кәрімнің "Нұр" сүресінің 31-аятында: «Мүмін әйелдерге айт, өздеріне харам етілген нәрселерге қарамасын, ұятты жерлерін зинадан, күнә атаулыдан қорғасын, мәжбүр көрінген жерлерінен (бет, екі қол, тобықтан төмен екі аяқ) тыс әдеміліктерін көрсетпесін…» деп, балиғатқа толған қыз баласының әуретін яғни бет-жүзі, білезікке дейінгі екі қолы мен тобыққа дейінгі екі аяғынан басқа жерлерін жауып жүруін міндет еткен. Бұл – асыл дінімізде бекітілген парыз амал. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Яғни орамал (хиджаб, кимешек) - бұл Алла Тағала бекіткен парыз амал! Қасиетті құран аяттарын жоққа шығару немесе бұл парыз амалға қарсы шығу – адамды күпірлікке түсіріп яғни кәпір етеді. Ал мұндай кешірілмес ең үлкен күнәні жүктеген адам, дер кезінде тәубе етіп үлгермесе Алла сақтасын сөзсіз мәңгілік азапқа душар болады. Сондықтан дін мәселесінде кез келген парыз үкімдерге қарсы шығудан, исламдағы міндет амалдарды орындау кезінде одан тыюдан аулақ болуымыз қажет! Өйткені бұл қасиетті аяттардың иесі – мемлекет патшасы емес, бұл бүкіл әлемдердің патшасы Алла Тағала екендігін бір сәтке де есімізден шығармайық!

Теги других блогов: қазақ қыздары мәдениет шаш жаю